USD
USD
USD

Полиция сайлауға наразылық танытқан белсенділерді ұстап әкетті

Бүгін, 20 қарашада Алматыда президенттік сайлау болып жатқан уақытта бірнеше жерде митиг өтті. Алайда көп ұзамай полиция белсенділерді ұстап алып кетті.

Полиция сайлауға наразылық танытқан белсенділерді ұстап әкетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партияның бірнеше белсендісі Алматыдағы Абай ескерткішінің алдына барып, сайлауға өз наразылықтарын білдірген. Жиналғандар сонымен қоса билікке бірнеше талап қойған. Олар елде нақты саяси реформаларды бастауды, саяси партияларды тіркеуді және Жанболат Мамайды толық ақтауды ұрандатқан.

Жиналғандар көп тұрған жоқ, оларды арнайы жасақ қызметкерлері келіп, ұстап әкетті.

Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің алдына Oyan, Qazaqstan белсенділері жиналып, елде әділ сайлау өткізуді талап етті.

Азаттық сайтының мәліметінше, ауыздарына "ұрма, атпа", "оян", "ұрпақ үшін" деген және өзге жазу жапсырған белсенділер "әділ сайлауға жететін күніміз бар ма?" деген жазуы бар үлкен баннер ұстап тұрған.

Құқық қорғау органдары акцияның заңсыз екенін ескертті. Бірнеше минуттан соң полиция оларды жеке-жеке ұстап алып кетті.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков