USD
USD
USD

Полиция көшеде әйелді соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр

Көшеде әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр 

Полиция көшеде әйелді соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облысында әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды. Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамға көшеде күш көрсетіп жатқан видеосы тарады.

«Бейнежазба назарға алынғанын хабарлаймыз. Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде орын алғаны белгілі болды» деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қалалық полицияға арыз бен өтініш түскен жоқ. Оған қарамастан факті бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерін 8-702-807-94-27 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт