USD
USD
USD

Полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өседі

2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өседі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қызметкерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайын көтеру бойынша іс-шаралар қабылдануда. Бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтерілуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысын 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген.

«Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі