USD
USD
USD

Полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Орал, NEGE. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Тасқала жолында болды. Орал қаласы полиция басқармасының қызметкері Мержан Бисенғалиев Тасқала ауданы Айнабұлақ ауылы тұсында өзінің Chevrolet Cobalt автокөлігімен аударылып қалды.

Көлікте ол жалғыз болған. Алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек Тасқала аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

«Марқұмның соңында жары, кішкентай қызы қалды. Мержан ішкі істер органдарына 2002 жылы орналасып, қызмет бабында өзін жақсы қырынан көрсетті. Жауапты да сауатты қызметкерлердің бірі еді, әрдайым жастарға үлгі бола білді», – деді Б.Белгібеков.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы