Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Полиция қызметкері екі баланы құтқарып қалды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері екі баланы құтқарып қалды.

Полиция қызметкері екі баланы құтқарып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 30 мамыр күні Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында болды.

БҚО полиция департаменті кинология орталығының инспекторы, полиция кіші сержанты Ержан Қуанышев сол күні демалыс уақытын пайдаланып, ата-анасына барған.

«Тоған жанына автокөлікпен барған кезде 7-8 жасар бір топ баланың ойнап жүргенін көрген. Суға жақындамауын ескертіп, аз уақытқа машинасына кеткен. Қайта оралған кезде бір баланың батып бара жатқанын, екіншісінің суға тұншығып қалғанын көрген. Сол бойда суға секіріп, екеуін де құтқарып үлгерген. Есінен танып қалған балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен», – деді Д.Мәжитова.

Бұл оқиға туралы полиция қызметкерлері 1 мамыр күні кездейсоқ білген. Әңгіме арасында Е.Қуанышев байқамай айтып қалған.

«Балалар жүзу білмейді екен әрі айқайлап көмекке шақырған да жоқ. Тоған жақтан еш дыбыс болған жоқ. Мен оларды құтқарып қалғанымды кейін сезіндім. Мұны ерлік деп есептемеймін», – деді Е.Қуанышев.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи