USD
USD
USD

Полиция қаңтар қырғыны жәбірленушілерін іздеп жатыр

Алматыда қылмыстық топ осы жылдың 5-6 қаңтары күндері қала көшелерінде дене күшін қолданып, азаматтарды заңсыз тұтқындап, ұрып-соққан.

Полиция қаңтар қырғыны жәбірленушілерін іздеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстық топ азаматтарды еркінен тыс «Қазақстан» қонақ үйіндегі «BallRoom» мейрамханасы мен «Esentai Tower» бизнес орталығының көлік тұрағында ұстап отырған. Ұсталғандардың арасында алған жарақаттарынан көз жұмған адамдар да бар. «Зардап шеккендердің көпшілігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілді. Алайда, болған оқиғалардың толық көрінісін анықтау үшін тергеумен анықталмаған куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары қажет. Азаматтық борышын өтеуге шақыра отырып, көрсетілген қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен, сондай-ақ, осы оқиғалардың куәгері болғандардың барлығын Желтоқсан көшесі, 189 мекенжайы бойынша Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратына келіп, бар білгендерін тергеу-жедел тобына хабарлауларын сұраймыз. Байланыс телефондар: 8-775-888-03-65; 8-775-644-95-96», - делінеді қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер