USD
USD
USD

Полиция департаментіне тергеуге барған жігіт қайтыс болды

Шымкентте 31 жастағы ер адам 8 желтоқсан күні Полиция департаментінде болған тергеу кезінде қайтыс болды.

Полиция департаментіне тергеуге барған жігіт қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департамент таратқан ресми мәлімдемеде марқұмның көлік ұрлығына қатысты ұсталғаны және тергеуге алынғаны айтылған. Жауап алу кезінде ол өзін нашар сезініп, артынша есін жоғалтқан.

«Дереу жедел жәрдем шақырылды, алайда дәрігерлер келгенше ол қайтыс болып кетті. Өлімнің нақты неден болғаны анықталып жатыр», – деді полицейлер.

Ratel.kz таратқан мәлімет бойынша, қайтыс болған Нұрболат Жұмабаев Қостанай қаласында тұрған. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеген. Бір жыл бұрын түрмеден шығып, үйленбек оймен Шымкентте тұратын сүйіктісіне келген.

Нұрболат Жұмабаевтың өліміне туыстары полицияны кінәлап отыр:

7 желтоқсанда онымен телефон арқылы сөйлестім. Жағдайы жақсы екенін айтты. Ал 8 желтоқсанда маған Шымкенттегі достарым хабарласып, Нұрболат пен жанындағы серігін полиция ұстап әкеткенін хабарлады. Артынша, полициядан хабарласып, мәйітті алып кетіңдер деді. Достарым дереу адвокат жалдады, ол Полиция департаментіне барып, Нұрболаттың денесінде соққы іздері барын хабарлады. Қазір Шымкентке өзім бара жатырмын, бауырымның денесін өз көзіммен көруім керек. Ол бұған дейін ешқашан жүрек ауруына шағымданған емес, шаңғы тебетін. Денсаулығы жақсы еді. Полицейлер айтқандай, оның жүрек ауруынан қайтыс болуы мүмкін емес.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе