USD
USD
USD

Полиция департаменті Шымкентте атыс шығарған Өзбекстан азаматына қатысты пікір білдірді

Шымкентте полицейлер қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған адамды ұстады.

Полиция департаменті Шымкентте атыс шығарған Өзбекстан азаматына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды.

Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды. Күзетшінің бірі жараланды.

"Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады. Белгілі болғандай, ер адам, Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған Сайга карабині тәркіленді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді Полиция департаменті. 

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі