USD
USD
USD

Полиция бұлғақ кезінде оққа ұшқан алматылық екі бала туралы мәлімет берді

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз бен 12 жастағы бала қалай қаза тапқанын айтты.

Полиция бұлғақ кезінде оққа ұшқан алматылық екі бала туралы мәлімет берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полиция департаментінің ресми өкілінің сөзінше, тәртіпсіздік барысында екі бала қаза тапқан, тағы екеуі жансақтауда жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz  хабарлады. Қайтыс болғандардың арасында 4 жасар қыз бен 12 жастағы бала бар екен.

"Тәртіпсіздіктер кезінде ер адам үш баласымен үйден шыққан. Олар алаңмен өтуді ұйғарады. Салдарынан автокөлік оққа ұшты. Жараланған екі бала жансақтауға түсті, бірақ өкінішке қарай 4 жасар қыз қайтыс болды", - деді Салтанат Әзірбек.

Екінші бала Өтеген батыр көшесінде оқ тиіп қаза тапқан. 

"5 қаңтарда түнгі сағат 11-де Алматы тұрғыны 12 жастағы ұлымен Өтеген батыр көшесіндегі үйден шығады. Олар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде нан алуға барған. Өкінішке қарай, бұл жағдайда да балаға оқ тиді", - деді Әзірбек. 

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы балалардың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Салтанат Әзірбек ата-аналарға қалада жағдай тұрақсыз уақытта балаларын мұқият қадағалауға кеңес берді. 

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей