USD
USD
USD

Полиция блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар өзіне кәсіпқой спортшының шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Полиция блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеоүндеуде Әсел Асқар қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.

«Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (»Ұрып-соғу«) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық«) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды. Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс