USD
USD
USD

Полиция Австралия азаматының жоғалып кету дерегі бойынша мәлімдеме жасады

Австралия азаматының жоғалып кету дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалды, деп хабарлады Полиция. 

Полиция Австралия азаматының жоғалып кету дерегі бойынша мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шетелдік азаматты іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар еріктілердің ресурстары барынша пайдаланылуда. Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, Австралия азаматын 21 мамырда БАО аймағында көрген. Ер адам космостанциясына қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейне барлау дрондармен жүргізіліп жатыр, - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.