Полиция «Алтын Орда» базары директоры орынбасарының ұсталу себебін түсіндірді
Полиция «Алтын Орда» базары директоры орынбасарының ұсталу себебін түсіндірді.
Алматы, NEGE. «Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMМ автокөлігін тоқтатқан.
Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.
Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген.