USD
USD
USD

Полиция Алматыдағы беделді мектептегі зорлық дерегіне қатысты мәлімдеме жасады

Алматы қаласының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес қала тұрғынының ұлына қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы өтініші бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция Алматыдағы беделді мектептегі зорлық дерегіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда полиция бүгінгі таңда арыз берушінің өзі, яғни жәбірленушінің анасы тергеу жұмыстарына кедергі келтіріп жүргенін айтады.

"14 қыркүйек күні әйел полицияға хабарласып, Алматы қаласындағы халықаралық мектепте белгісіз бір адамның баласын қорлағаны туралы хабарлады. Сол күні тергеуші осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарып, қылмыстық іс қозғады. Келесі күні баланы сарапшылар комиссиясы қарады. Қарау кезінде қандай да бір зақым, соның ішінде зорлық-зомбылық іздері табылмаған. Сонымен қатар комиссия арнайы медициналық жабдықтары бар проктология саласындағы маманды осы іске тарту туралы ұсынымхат берді. Алайда анасы жеке клиниканың проктолог-маманына өз бетінше жүгініп, кейіннен сараптамадан өтуден бас тартты", делінген ҚР ІІМ Тергеу департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ тергеу шеңберінде мектептің ішінде және айналасында орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбалар алынған.

"Осы жазбаларға сәйкес 11-14 қыркүйек аралығында бала мектептің дәретханасына 57 рет барғаны анықталды, олардың әрқайсысы 2-3 минутқа созылған. Онымен бір мезгілде басқа адамдардың дәретханаға барғаны камераға тіркелмеген. Жауап алуға қатысқан мектеп қызметкерлері мен сыныптастары балаға қатысты қандай да бір қысым мен зорлық-зомбылық жасалғанын жоққа шығарады", делінген ІІМ хабарламасында.

Іс бойынша сот-биологиялық және молекулалық-геномдық сараптамалар жүргізілді. Сараптама қорытындыларына сәйкес баланың іш киімі мен шалбарында тек өзіне ғана тиесілі биоматериалдар табылды. Басқа іздер табылған жоқ.

Өтініш беруші сараптамалардың қорытындыларымен келіспей, өз адвокаттарымен тәуелсіз мамандарды ұсыну туралы өтініш білдірді. Алайда осы уақытқа дейін олар мұндай мамандарды ұсынбаған. Бұл қосымша сараптамаларды тағайындауға кедергі келтіреді. Сонымен қатар өтініш беруші бірнеше рет хабардар бола тұра, психологтың қатысуымен ұлынан жауап алуға үзілді-кесілді бас тартып отыр. Осыған байланысты іс бойынша маңызды тергеу әрекеттерін жүргізу мүмкін болмай отыр. Өтініш берушінің осындай кедергілеріне қарамастан, тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс бойынша шешім қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қадағалау органымен келісім бойынша қабылданатыны да нақтыланады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар