USD
USD
USD

Полиция Ақтауда үш баласын өлтірген жігіттің Сириядан келгені жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ өкілдері үш баланы өлтірді деп күдікке ілінген ақтаулық жігіттің "Жусан" операциясы кезінде Сириядан қайтарылғаны туралы учаскелік полиция айтқан ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция Ақтауда үш баласын өлтірген жігіттің Сириядан келгені жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі үш баланы өлтірді деген күдіктінің Сириядан қайтарылмағанын мәлімдеді.

БАҚ-та учаскелік полицейдің айтқанына сүйеніп, наурыз айында Ақтауда үш баласын бірдей өлтірген жігіт Сириядан "Жусан" операциясы кезінде келгені туралы ақпарат тараған еді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған орай алдағы уақытта мұндай фактілер қайталанбауы үшін қызметкермен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Маңғыстау облысының полиция департаменті. 

Наурыз айында Ақтаудағы пәтерлердің бірінен 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылған еді. Кісі өлтірді деген күдікпен полицейлер олардың 36 жастағы әкесін ұстады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай