USD
USD
USD

Полиция Таразда соққыға жығылған депутаттың ісіне қатысты пікір білдірді

13 мамыр күні кешке Тараз қаласында Алматы облысы Іле ауданының мәслихат депутаты, заңгер Нұрлан Байғазиевті белгісіз адам соққыға жыққан.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға сағат 18:00 шамасында Жамбыл облыстық полиция департаментінің жанындағы «Ғибрат» кафесінің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, депутат қызметтік іссапармен келген, клиенттерімен заңгер ретінде кездесіп жатқан. Шабуылдаушы кастет қолданған деген болжам бар. 

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша іс қозғалды.

«Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов