USD
USD
USD

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс 5 бап бойынша тергеліп жатыр

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың қазасына қатысты Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Шерзат Болат
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. 

Тергеу бес бап бойынша жүргізіліп жатыр. Олар: ҚР ҚК-ның 99-бабы, 2-бөлімі («Адам өлтіру»), 293-бабы, 3-бөлімі («Бұзақылық»), 115-бабы («Қорқыту»), 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу») және 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»).

«Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеуде. Алғашқыда оқиғаның себебіне қатысты әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын әртүрлі мәліметтердің көп таралуына байланысты министрлік белгіленген тәртіпте (Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сай) 2024 жылдың 15 қазанында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, кейбір тергеу мәліметтерін жария етті. Брифинг қоғамды алаңдатқан кейбір мәселелерді қамтыды. Қазіргі таңда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жерде болған басқада адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты, ішкі істер органдары Мемлекет Басшысының еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларын орындау аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кешенді шаралар атқаруда», - делінген министрдің жауабында. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет