USD
USD
USD

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейіннен тоқтатылған.

Данияр Мейірхан
Фото: facebook.com/daniyar.meirkhan

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

«Данияр Мейріханға қатысты 115-1-бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Сонымен қатар сотта жеке айыптау материалдары қаралып жатыр, сондықтан мен бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын», – деді Әділов.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Ішкі істер министрлігі Данияр Мейірханның тексеріс жүргізу кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілгенін растады. Ол бұл қызметке 2025 жылы қыркүйекте тағайындалған.

Көп ұзамай адвокаты Әлия Жаманбаева полиция полковнигі Данияр Мейірханға қарсы жиырма қызметкер емес, тек екі адам арыз жазғанын нақтылады. Оның мәлімдеуінше, бірінші арызды жазған әйел Комитетте жұмыс істеуге ұзақ уақыт бойы талпынған. Ол Мейірханға жұмыс уақытынан тыс жиі хабарлама жазып отырған. Екеуара сақталған хаттарға сілтеме жасаған адвокат қорғауындағы Мейірханның әрдайым сыпайы түрде қысқа ғана бас тартумен жауап бергенін алға тартады. Кейін жұмысы сынға ұшырағаннан кейін екеуінің арасындағы қызметтік қатынастар шиеленісе түскен. 

Одан кейін, Жаманбаеваның жазуынша, Мейірханның хатшысы болып бірнеше жас қыз жұмыс істеген, бірақ олардан қысым көрсетілгені жөнінде шағым түспеген.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.