USD
USD
USD

Полиция күмәнді QR-кодтарды сканерлемеуді ескертті

Петропавлда полицейлер үйлердің кіреберісінде QR-код бейнеленген фотосуреттің тарауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Петропавл тұрғындары мессенджерлерде QR-код бейнеленген хабарландырудың тарауын талқылап жатыр.

Адамдардың айтуынша, хабарландыру үйлердің подъездерінде жапсырылған. Фотода көрсетілген QR-кодты сканерлеген адамға сілтеме бойынша өтіп, аудан мен үйдің Telegram-чатына кіру ұсынылады. Осы хабарландыруға байланысты көптеген жергілікті чатта алаяқтардың веб-сайтына кірмеу үшін кодты сканерлемеу туралы ескерту тарап кетті.

Полицейлер тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша алаяқтық белгілері жоқ екенін анықталды. Дегенмен, мұндай механизмді қаскөйлер QR-кодтарды сканерлеуге негізделген интернет-алаяқтық кезінде қолданады.

Алаяқтар жалған сайттарға әкелетін, құрылғыға вирус кіргізетін немесе ақшаның ұрлануына жағдай жасайтын зиянды QR-кодтарды жасайды. СҚО-да QR-кодтарды қолдану арқылы жасалған фактілер тіркелмеді, бірақ полицейлер өңір тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға және күдікті кодтарды сканерлемеуге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana