USD
USD
USD

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзған екі ресейлікті ұшақтан түсіріп алды

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Алматы – Дубай бағытындағы әуе рейсінен екі жолаушыны түсіріп алды, деп хабарлады Azattyq Ryhy. 

Әуежай
Фото: istockphoto.com

Алматы, NEGE. Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматшасын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды. Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске салайық, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 30 871 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 2339.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы