15 Қазан 11:51
...

Полиция қызметкерлерінің айлығын көтеруге 300 млрд теңгеден астам қосымша қаржы бөлінеді

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Қаржы министрінің орынбасары Абзал Бейсенбекұлы Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрлігінің құрылымдары арасындағы еңбекақы алшақтығы жойылатынын мәлім етті. 

Алматы, NEGE. «Ішкі істер министрлігіндегі жедел тергеу құрылымы мен өзге де қызметтердің, соның ішінде әкімшілік полицейлердің жалақысында теңгерімсіздік байқалады. Бірақ Үкімет үлкен жұмыс жүргізген болатын. Жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу бағытында жұмыс басталды. Ол жұмыс екі кезеңде жүреді. Сол жерде біз әкімшілік полицейлердің жалпы айлықтарын көтеріп, міндетті үстемеақы төлеу арқылы олардың айлығын жедел тергеу құрамымен арасындағы алшақтықты азайтып жатырмыз», - деді ол.

Оның сөзінше жаңа жүйе екі жылдың ішінде енгізіліп, теңгерімсіздік біртіндеп жойылады.

«2025 жылы аталған бағытқа осы жаңа жүйені енгізу үшін мемлекеттік бюджеттен 165 млрд теңге көзделіп отыр. 2026 дылы 154 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Яғни, осындай алшақтықтың бәрі азайып, теңгерімсіздіктерді жоюға бағытталған жаңа жүйе енгізіледі», - деді вице-министр.