USD
USD
USD

Полиция қару-жарақ жасырылған 30-дан астам жерді анықтады

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 360 қару мен 3 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

П
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. "Үш күнде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 гранат және 3 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар бұрын ұрланған 7 қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұрын жоғалған 6 қару тәркіленіп, 14 қаруды адамдар өздері ерікті түрде тапсырды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 дерегі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ