USD
USD
USD

«Полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым» – Өскеменде жалған ақпарат берген мас әйел ұсталды

Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «102» арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады.

Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді