USD
USD
USD

Алматыда ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған адам қолға түсті

Алматыда полицейлер 20 желтоқсанда қаланың Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: novostipmr.com

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, қарақшылық шабуыл әрекеті салдарынан ерлі-зайып тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр.

Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталды. Ол – Жетісу өңірінен келген 38 жастағы азамат. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды.

 Күдікті жақында ғана өзі барып жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыларды тонауды жоспарлағанын мойындады. Сол кезде ол жұмыс берушілердің сейфін байқап қалған. Бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең олардың есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытқан қаскөй олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастады. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.


Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық