USD
USD
USD

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Алматы қалалық полиция қызметі актер Нұрғали Нұғманның бала күнінде туысқан ағасынан зорлық көргені туралы желідегі мәлімдемесі бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

Қарағанды
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген барлық мән-жайды, сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлерді анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

«Балаларға қатысты ықтимал зорлық-зомбылық деректеріне байланысты мұндай шағымдарға міндетті түрде құқықтық баға беріледі және олар ерекше бақылауда болады.

Фактілер расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін актер Нұрғали Нұғман бала күнінде туыс ағасынан зорлық көргенін айтқан еді. Айтуынша, оқиға бірнеше жыл бұрын, «Балапан» телеарнасына арналған жобаның түсірілімі аяқталғаннан кейін продюсер ағасының жұмыс кабинетінде болған. Оның сөзінше, бұл жағдай психологиялық тұрғыда ауыр соққы болып, өміріне кері әсер еткен. Тіпті ол өзіне қол жұмсамақ болған.

«Балапан» телеарнасының өкілдері оқиғаға арна қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 2010 жылы ашылған арнада ер адамдар продюсер қызметін атқармаған.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Нұрғали Нұғманның әңгімесінің шынайылығына күмән келтірді. Күмән тудырған жайттардың бірі – оның досы, контент-креатор Асанәлі Құрманғазы жариялаған стористер болды.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент