Полицейлерге пара беруге тырысқан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Полиция қызметкерлеріне пара беруге тырысқаны үшін ақмолалыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ақшалай сыйақы үшін жүргізуші уақытша жол тосқауылынан кедергісіз өткісі келген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Ақмола облысында полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде пара беру әрекеті анықталды.
Оқиға 25 қараша күні таңертең Целиноград ауданында Екатеринбург – Алматы республикалық автожолының учаскесіндегі уақытша блокбекетінде болды. SHACMAN жүк көлігінің жүргізушісі Зеренді ауданының полиция бөлімінің инспекторына 20 мың теңге ұсынғаны анықталды, ол басшылықтың нұсқауына сәйкес елордалық аумақта қызмет атқарған.
Пара беру туралы қызметкер дереу блокбекетке жауапты – Целиноград аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне хабарлады. Мән-жайларды анықтаған кезде заң бұзушы өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырып, үстелге ақшалай қаражат қойып, сол арқылы қылмыс жасады. Полицейлер ақмолалыққа мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын бірнеше рет ескертті, алайда күдікті өз дегеніне көндіргісі келді.
Принципті азаматтық ұстанымын көрсеткен полиция қызметкерлері оқиға туралы басшылыққа дереу хабарлап, жедел-тергеу тобын шақырды. Пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ақша купюралары тәркіленді. Қатысушының айғақтарына сәйкес, осылайша ол жол тосқауылынан кедергісіз өтіп, арнайы техниканы өткізгісі келді. Сонымен бірге полицейлер, кейде азаматтар құқық бұзушылықтар жасап, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін билік өкілдерімен іс жүргізу құжаттарын жасамай, «өз проблемаларын сол жерде шешуге» тырысады, осылайша заңсыз әрекеттерді жалғастырып жатқанын түсіндірді.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкеріне пара беру параның жиырма еседен отыз есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеді. Сондай-ақ егер азаматтар пара беруге мәжбүр болса немесе оларды мәжбүрлесе бұл факт туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.