USD
USD
USD

Полицейлер шығысқазақстандық тұрғынды аман алып қалды

7 сәуір күні таңғы уақытта Өскемен қаласының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінің 9-қабатындағы балконнан секіруге әрекеттеніп жатқан азамат туралы жедел хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция батальонының инспекторлары — полиция қызметкерлері Қайрат Ташкенбаев пен Ерасыл Мұратханов жедел әрекет етті, деп жазды zakon.kz.

П
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Қызметтік іс-қимыл аясында Қайрат Ташкенбаев төменгі қабатта қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етсе, ал оның әріптесі Ерасыл Мұратханов көпқабатты үйдің жоғарғы қабатына көтеріліп, балконның сыртқы жақтауында тұрған жас жігітпен тілдесуге кірісті.

Полиция инспекторы Ерасыл Мұратхановтың айтуынша, 25 жастағы азамат ауыр психоэмоционалдық күйде болған. Жедел әрі сабырлы әңгіме барысында тәртіп сақшысы оның сеніміне кіріп, суицидтік әрекетке баруының себебін анықтай алды.

Белгілі болғандай, жігіт есірткіге тәуелділікпен күресіп жүрген және жалғыздық сезімінен зардап шегуде екен. Инспектор оған өмірдің маңыздылығы, әр қиындықтың өткінші екені, және жаңа өмір бастауға мүмкіндік әрдайым бар екенін айтып, үміт пен сенім ұялатты.

Жас азамат тәртіп сақшысының адамгершілікке толы сөздеріне құлақ асып, өз еркімен балконның қауіпсіз жағына өтті.

Кейіннен ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қызметтік міндетін абыроймен атқарған полиция инспекторларының кәсіби әрі жанашырлыққа толы әрекеті жас азаматтың өмірін аман сақтап қалуға сеп болды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар