USD
USD
USD

Полицейлерге шабуыл жасаған СҚО тұрғындары 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

СҚО-да полицейлерге шабуыл жасаған тұрғындар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлерге шабуыл жасаған СҚО тұрғындары 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 наурыз күні кешке Мамлют аудан орталығында патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары қызметінің қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында ішімдік ішкен адамдар тобын байқады. Полицейлердің мұндай әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу екендігі туралы ескертуіне мән бермеген.

Олар билік өкілдеріне күш көрсетті. Қызметкерлердің бірі ҚР “Құқық қорғау қызметі туралы” Заңының 61-бабына сәйкес, ауаға алдын ала атылғаннан кейін қызметтік қару-газ-травматикалық әрекет ететін тапаншаны қолданды. Екі шабуылшы медициналық көмекке жүгінді, ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ.

– Қазіргі уақытта үш күдікті — 38, 27 және 20 жастағы жергілікті тұрғындар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бап санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды білдіреді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті