2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Полицейлерге қолдау білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық филиалының мүшелері полицейлерге қолдау білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлерге қолдау білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің сақталуына ел тыныштығын күзетіп, халық қауіпсіздігін сақтауда тәртіп сақшыларының үлесі зор. Бұл ретте, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық филиалының белсенді мүшелері ерекше режимде жұмыс жасап жатқан полицейлерге қолдау білдірді. Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашев бастаған белсенділер Тұңғыш Президент саябағында орналасқан блок-бекетке барды. Облыстық Ассамблея мүшелері полиция және медицина қызметкерлерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі. Өзбек ұлттық тағамдарын дайындап, блок-бекеттерде кезекшілікте тұрған қызметкерлерге ұсынды. Мұндай игі шаралар еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын арттыратыны сөзсіз.
 

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті