USD
USD
USD

Полицейлерге қол жұмсаған қордайлықтар тұтқындалды

ҚР Бас прокуратурасы Қордай ауданында полицейлерге қол жұмсап, аяғы тәртіпсіздікке жеткізгендерге қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

Полицейлерге қол жұмсаған қордайлықтар тұтқындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға былай болған: 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында полиция қызметкерлері «Хонда Одиссей» көлігін тоқтатып тексергенде, көлік иесі Л.Воингуюдің құжаттары жоқ боп шыққан. Полиция оны бөлімшеге апармақ болғанда күдікті үйіне қашып келіп, екі бауырымен бірге полицейлерге қол жұмсаған. Бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы лезде жұртқа тарап, наразылық тудырды.

Бас прокуратура осыған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлімі бойынша (билік өкіліне күш көрсету) қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс айыптау қорытындысымен бірге Қордай аудандық сотына өткізілді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы