USD
USD
USD

Полицейлерге де үстемақы төленеді

Қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясына қарсы іс-шараларға ішкі істер органдарының 52 мың қызметкері тартылған. 

Полицейлерге де үстемақы төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирусқа қарсы шараларға қатысып жүрген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне үстемеақы беріледі. Бұл туралы министрдің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде карантиндік аймақтардың өткізу-бақылау бекеттерінде, науқастар жатқан медициналық мекемелерде және тағы басқа коронавирус жұқтыру қаупі бар жерлерде жұмыс істеп жүрген қызметкерлер аз емес. Олардың барлығына үстемеақы беріледі.   

"Бізде қауіпсіздік шараларына қатысып жүргендер көп. Басшылық емес, қатардағы қызметкерлердің саны 52 мың адамды құрайды. Дәл осы қызметкерлер бір айлық жалақы көлемінде үстемеақы алады. Иә, олардың жалақысы әртүрлі. Дегенмен, тура бір жалақының мөлшерінде болады. Оған бөлінген қаржының жалпы көлемі 6 миллиард теңгеден асады", - деді Ильин. 
Айта кетейік, бұған дейін президенттің тапсырмасы бойынша коронавирус эпидемиясына қарсы іс-шараларға тартылған барлық медицина қызметкеріне жалақыға қоса ай сайын үстемеақы беру тәртібі бекітілген болатын. Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупіне қарай үшке бөлінеді. 

Медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Ал маман коронавирустан көз жұмса, 10 миллион теңге бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті