USD
USD
USD

Полицейлер жаңа эстафета бастады

ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті донорлық эстафетасын бастады. 

Полицейлер жаңа эстафета бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Полицейлер елордалық Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан тапсырды. Департамент басшысы Ерлан Омарбеков бұл іс-шара көптеген науқастар, оның ішінде жаңа туған балалар үшін өмірлік маңызы бар екенін, ерікті қан донорлығының кең таралуына өз үлесін қосуға арналғанын атап өтті. Кездесуде қан орталығының басқарма төрағасы Сания Абдрахманова полиция қызметкерлеріне донорлықтың маңыздылығы, қанды медицинада қолдану, оның сапасын бақылау кезеңдері туралы айтып берді», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған апталық брифингіде.

Донорлық эстафетасы Ішкі істер министрлігінен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлеріне берілді. Одан әрі оған еліміздің барлық өңірлерінің полицейлері қатысатын болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе