USD
USD
USD

Полицейлер ұсталды

Алматы полициясы департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қоластындағылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Полицейлер ұсталды
Фото: NEGE.kz

«Иә, біздің қызметкерлер ұсталды, тәртіптік комиссия құрылды. Төрт басшы қызметінен босатылды. Ия, мұндай жағдай біздің қызметкерлерімізге жараспайды, біз түсінеміз. Осы сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша біз жұмыстар жүргіземіз», – деді Қанат Таймерденов.

Еске салайық, мұның алдында Антикоррупция қызметі төрт полицейдің ұсталғанын айтқан еді.

«8 тамызда Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 800 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алып жатқан Алматы қаласы полиция департаментінің процессинг орталығының басшысы мен қызметкерін ұстады, олар 2017 жылдан бастап жалған сот орындаушысымен сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылардан ақшалай қаражат алып, оны өздеріне беріп отырған», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай