USD
USD
USD

Полицейлер шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіледі

Түркістан облысының  Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына ҚР ҰҚК Шекара қызметінен есірткі тасымалдау дерегі бойынша хабарлама келіп түсті.  

Полицейлер шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жібек жолы" өткізу пунктінде қызметтік итті пайдаланған шекаралық наряд Өзбекстан азаматын ұстаған. Тексеру кезінде азамат киімінің қалтасында шамамен 2 грамм болатын есірткі заты бар екенін мойындайды.

Ал тінту жүргізген  полицейлер күдіктінің сырт киімінің қалтасынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар екі пакетті тапты.  Зерттеу қорытындысына сәйкес пакеттің бірінде салмағы 0,2 грамнан асатын  психотроптық заты бар екендігі анықталды. Ал келесісінде салмағы шамамен 0,04 грамм болатын героин екені расталды. 

Қазіргі уақытта осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. 

Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті