USD
USD
USD

Полицейлер психологтарға жүгініп отыр

Алматы облысында бекеттегі полицейлерге психологиялық көмек көрсетіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер психологтарға жүгініп отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысында полиция қызметкерлеріне психолог-инспекторлар көмектеседі. Арнайы тренингтер қызметкерлердің қасиеттерін күшейту және қалпына келтіру, шыдамдылығын шыңдау, сабырлық сақтау, азаматтармен қарым-қатынас, әсіресе қызмет кезінде туындайтын қиын шақтарда, арандатушылармен байланыс кезінде өзін орынды ұстау мақсатында ұйымдастырылады.
Бекеттердің жұмысына жұмылдырылған қызметкерлерге моральдық-психологиялық көмек көрсету – уақыт талабы. Ол қызметкерлердің экстремалды жағдайдағы әрекеттерге қызметкерлердің психологиялық даярлығын шыңдауға, олардың моральдық және физикалық шаршауын жеңілдетуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға негізделеді”,- деп атап өтті Алматы облысы ПД психолог-инспекторы Алина Атабаева. Аталған бағыттағы қойылған міндеттерді іске асыру үшін тиісті мамандардан құралған арнайы шағын топтар құрылды. Топ мүшелері бүгін блок-бекеттерді аралады. Қызметкерлерге әдістемелік-практикалық көмек қызмет орындарында көрсетіледі. “Біз тәртіп сақшылары жұмылдырылған барлық бекеттерді аралап шығуды жоспарлап отырмыз. Бірінші күні жүзден астам қызметкерге көмек көрсетілді. Жұмыс жоспарлы түрде кестеге сәйкес жасалады”,- деді Алина Атабаева. Физикалық жаттығулар психикалық-эмоцияналдық шаршауды басуға көмектеседі. Сонымен қатар, көшпелі тренингтер кезінде “Майнд машина” аудиовизуалды аппараты қолданылады. Ол миды аудиовизуалды ынталандыру арқылы қызметкердің эмоционалды жеңілдеуіне көмектеседі. Анықтама үшін: бүгінгі күні Алматы облысында 118 бекет жұмыс жасайды: оның ішінде – 77 санитарлық және 41 жолды бөгеу және блок-бекеттері бар. Бекеттердің жұмысына 1000 жуық қызметкер жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы