USD
USD
USD

Полицейлер мас күйде жүк көлігін жүргізген тұрғынды қалай тоқтатты?

Түркістан облысында жүк көтергіш көлікті мас күйде жүргізген жүргізуші полиция қызметкеріне де тоқтамай қойған. 

Полицейлер мас күйде жүк көлігін жүргізген тұрғынды қалай тоқтатты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде полицейлердің жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрлеп түсіріп жатқаны туралы бейнежазба таралды, деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі. Түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, болуы мүмкін жол апатының алдын алды. Яғни үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұстаған.

Анықталғандай, Түркістандық полицейлерге 05.09.2021 жылы сағат 19:00 шамасында С.Ерубаев көшесі бойынан жүк көтергіш автокөлігінің жол ережесін бұзып келе жатқаны және жүргізушісінің мас халде болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Ақпарат бойынша дер кезінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР автоэкипажы оқиға орнына жетті. Содан жол ережесін бұзған көлікті тоқтату кезінде, жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, қала көшелерімен қашқан. Одан ары жақын аймақта жүрген ППР автоэкипаждардың көмегімен қашқан көлік кедергі жасау арқылы тоқтатылып, жүргізуші мәжбүрлі түрде түсірілген. Айта кетерлігі, мас көлік жүргізушісін тоқтату операциясына бас-аяғы он шақты полицей қатысқан. 

Жүргізуші жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: 595-бабы (маневр), 606-бабы (авариялық жағдай туғызу), 599-бабы (бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту), 613-бабы (заңды талапқа бағынбау) және масаң күйде көлік басқарғаны анықталып, 608-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ