USD
USD
USD

Полицейлер Маңғыстауда 2 баланы өрттен құтқарды

Көлік полицейлері Маңғыстау облысында екі баланы өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті.

Полицейлер Маңғыстауда 2 баланы өрттен құтқарды
Фото: NEGE.kz

Маңғыстау, NEGE. Оқиға 11 қаңтар күні Маңғыстау ауылында болды. Станциядан алыс емес жерде екі қабатты үйді жалын ораған. Өрт екінші қабаттағы пәтерден басталған. Қара түтін дәлізді басып кеткендіктен, адамдар, соның ішінде балалар өздігінен шыға алмаған.

Өртті көрген көліктегі полиция бөлімінің алты қызметкері шұғыл жетіп, адамдарды шығарып, өртті сөндіре бастаған. Осы кезде олар пәтерлердің бірінен ересектердің қарауынсыз қалған үш баланы байқаған. Полиция лейтенанты Н.Қайыпбергенов баланың кішісін көтеріп алып, сыртқа шығарды.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары А.Омарбаев, Н.Қуанов, Н.Қайыпбергенов, Р.Хамит, А.Көктаубаев, Б.Орынхан барлық тұрғынды эвакуациялап үлгерді.

Сондай-ақ өрттің басқа пәтерлерге жайылуына жол бермеді.

Көліктегі полиция департаменті аталған қызметкерлерді адамдарды құтқару кезіндегі ерлігі үшін ынталандыратын болады.


 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық