USD
USD
USD

Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты (видео)

Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 қазанда “102” пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді. – Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді, – деді учаскелік Асқар Ментаев.

Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.

Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев