USD
USD
USD

Полицейлер қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдікті Алматыдан ұстады

Қарағанды облысының полицейлері қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған ресейлік азаматты Алматы қаласынан ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдікті Алматыдан ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленушіге белгісіз біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін, белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін алға тартқан. Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген.  Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

– Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматы қаласынан 22 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 15 млн теңге, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс