USD
USD
USD

Полицейлер Ханкөл ауылындағы «елесті» іздеуге шықты (видео)

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің өкілдері аудан әкімінің тапсырмасын орындаумен айналысатындарын айтты.

Полицейлер Ханкөл ауылындағы «елесті» іздеуге шықты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Таяуда Ғали Есқалиев ОКҚ брифингінде полицейлерге ауыл тұрғындарының есін шығарған елеске қатысты ақпаратты тексеруге тапсырма бергенін атап өткен болатын. 

"Қаратөбе ауданының учаскелік полицейлері Ханкөл аулының маңында көрген елеске қатысты тұрғындардан түсінік алады. Қазір біз әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков. 

Одан бөлек, әлеуметтік желіде "Охотники за привидениями" атты фильмдегі музыкамен кетіп бара жатқан полицейлер туралы әзіл видео тараған. 

Еске салайық, Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады. 

Кейін Ауыл әкімі жергілікті имам және ақсақалдармен бірге "қара күштен" құтылу үшін құрбан шалды деген хабар тараған. Алайда БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев "құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес" деген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт