USD
USD
USD

Полицейлер Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады

Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы полициясы концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ПД-нің қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылатынын хабарлайды.

– Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқық бұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз. Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз. Концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударамыз. Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын, – деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық