USD
USD
USD

Полицейлер Ақтөбе облысында өлі күйінде қоқысқа тасталған сәбидің анасын тапты

Ақтөбе облысында екі күн бұрын полигоннан табылған жаңа туған нәрестенің анасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер Ақтөбе облысында өлі күйінде қоқысқа тасталған сәбидің анасын тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – 23 қазанда Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы Рождество – Донское тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған баланың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1995 жылғы әйелді анықтады. Айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанып, қорқып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған, – деді Ақтөбе облысының полиция департаментіндегілер.

Қазір бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен ( "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов