USD
USD
USD

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін

20 қыркүйекте Алматы-Ташкент автожолының 168 шақырымында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Carina автокөлігін тоқтатқан.

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі бойынша (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді. 

Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс