USD
USD
USD

Полицей қызметінен шеттетілді

Түркістандағы №15 мектептің мұғалімін әжетхана күзетпегені үшін ұстап әкеткен қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Полицей қызметінен шеттетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «13 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы орта мектеп мұғалімін полиция бөліміне жеткізу фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қалалық полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Тергеу кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің мұғалімге қатысты іс-әрекетінің қаншалықты заңдылығына баға беріледі. Сондай-ақ, Түркістан қаласы ішкі істер басқармасы бастығының лауазымын асыра пайдалану фактісінің бар-жоғы анықталады» делінген хабарламада. Облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығы Данияр Мейірхан қызметтік тексеру аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева