20 Қаңтар 16:47

Зеленский де кететін болды

Фото:

Украина президенті Владимир Зеленский сыбайлас жемқорлық бабымен айыпталса, отставкаға кетеді. Ол бұл туралы «The Times of Israel» газетіне берген сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. Украина басшысымен болған сұхбат Израиль басылымының сайтында жарияланды. Ол елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзінің осы лауазымындағы басты міндеттерінің бірі, сонымен қатар күрделі әрі ұзақ процес деп атады. Владимир Зеленскийдің айтуынша, оның командасы біріншіден, мемлекеттік прокуратураны, екіншіден, қауіпсіздік қызметін реформалауды қолға алған.

«Бұл институттар күшейген кезде біз сыбайлас жемқорлықты тоқтатамыз» деді ол.

Сондай-ақ, Украина президентінен «Сізге сыбайлас жемқорлыққа қатысты айып тағылса, отставкаға кетесіз бе?» деген сауал қойылған. «Егер мені сыбайлас жемқорлық бойынша айыптаса, және ол айыптау нақты болса, онда мен Конституцияға сәйкес отставкаға кетуім керек», - депті В.Зеленский.

Тегтер: