Заңды өзгерту: Президентке жаңа өкілеттік берілетін болды

Парламент Мемлекет басшысына жаңа өкілеттік беруді көздейтін «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға енгізілгентүзетулерді қабылдады.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Сенаттың құзырлы комитетіндегілердің айтуынша, заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Заң жобасы бойынша мынадай өзгертулер ұсынылады:
– қаладағы аудандарды елдімекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;
– халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;
– аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;
– Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;
– Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.