27 Қараша 10:44

Украинамен экстрадиция туралы келісім-шарт бекітілді

Фото:

Қазақстан Украинамен экстрадиция туралы келісім-шартты бекітті. Бұл туралы, Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Украина арасында экстрадиция туралы келісім-шартты бекіту туралы» заңға қол қойды», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан парламенті бұл заңды 7 қарашада бекіткен болатын. Келісім-шарт қылмыстық жауапқа тарту және сот шешімін орындау үшін екі ел арасында іздестіріліп жатқан тұлғаларды экстрадициялау мәселесін реттейді.  

Тегтер: