11 Маусым 16:53

Тұрғымбаев митингілердегі «кеттлинг» әдісі туралы айтты

Фото:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев митингілердегі «кеттлинг» әдісі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Шынында да, біз бірнеше рет рұқсат етілмеген митингілер өткен жерлерді құрсауладық. Бірақ, басқа елдердің полициясына қарағанда біз су атқыштарын, жарық-шу гранаталарын және басқа да арнайы құралдарды қолданбадық. Біздің полицейлер әрдайым қарусыз, таяқсыз, газсыз тұрады және өз физикалық күшімен ғана аталған құқықбұзушылықтардың жолын кеседі», - деп жауап берді Е. Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Сонымен қатар, ІІМ басшысы зорлық-зомбылық болмағанын айтты.

«Біз барлық азаматтарға қоршаудан шығуға мүмкіндік бердік, күштеу-азаптау болған жоқ. Оларға су мен тамақ ұсынылды. Онда еш зорлық-зомбылық болған жоқ. Мұндай шаралар әрдайым жедел жәрдем көлігімен және дәрігерлермен қамтамасыз етіледі», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, қазақстандық нұсқаулықтарда бұл ұғым «Адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан орындарды құрсаулау» деп аталады.

Тегтер: