USD
USD
USD

Цой: Коронавирус жұқтыру дерегі 35 пайызға төмендеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вирус жұқтыру дерегі азайғанын айтты.

Цой: Коронавирус жұқтыру дерегі 35 пайызға төмендеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Алексей Цой Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендегенін мәлімдеді Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 процентке төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

"ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті. Министрдің мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер