13 Ақпан 17:00

Трампты түскі ас үстінде балағаттап кетті

Фото:

Нью-Гэмпшир штатында өткен дүйсенбі күнгі митингтен кейін Дональд Трамп жолай Манчестердегі әйгілі Red Arrow Diner мейрамханасына тоқтаған.

Алматы, NEGE. Мейрамханада ас ішіп, журналистпен кішігірім сұхбат құрып отырған кезінде мейрамханадан шығып бара жатқан бір клиент Трампқа «Бургеріңді жеп, рахаттан, нәсілшіл!» деп айғайлаған.

Сыртта өзін Джейн деп таныстырған әлгі әйел Оңтүстік Каролинадан келгенін, бұл жерге Американың нәсілшіл президенті келіп түстенетінін білмегенін айтады. Сондай-ақ, ол Дональд Трамптың нәсілшіл әрі исламофоб екенін айыптап, сайлау науқаны үшін елді нәсілге, дінге бөлуді тоқтатуын есіне салғысы келгендігін тілге тиек етті.

Тегтер: