18 Қаңтар 11:35

Трамп тағы тырысып қалды

Фото:

Кешегі жұма намазда Иран билігінің жоғары басшысы аятолла Хаменей ғибатадат етуге жиылған көпшілік алдына шығып сөйледі. Шариғаттан гөрі, шиітбасшы әлемдік саясат жөнінде көбірек айтып, «қорқақтар құсап тығылып тұрып, Сулейманиді өлтірді» деп АҚШ билігіне барынша шүйліккен.

Алматы, NEGE. Аятолланың «бір түрлі» уағызынан кейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп жедел жауап беріп, ирандық саясаткерлерге сөз арнады.

«Өзін Иранның «жоғарғы басшысы» атап жүрген адам кейінгі кезде атына лайық емес іс істеп, Құрама Штаттар мен Еуропа елдеріне қаратып негізсіз сөйлейтін боп жүр. Олардың (Иран) экономикасы тоқырап, халқы қиындық көруде. Ол өзінің тіліне мейлінше ие болып, сөйлегенде сақ болғаны жөн», – деп жазды Трамп, өзінің Twitter парақшасында.

 

Генерал Сулейманидің өлімінен кейін, Иран тарабы Ирактағы Америка әскери базаларын атқылаған. Бұл шабуыл үшін АҚШ Иранның 17 компаниясына санкция жариялап, парсы елінен тауар таситын су жолын бұғаттап тастады. Иранның жоғары санатты 8 шенеунігіне де шектеу қойған.

Тегтер: